2023 жылғы 4 қараша мен 10 қараша аралығында Қостанай қаласында WorldSkills стандарттары бойынша көлік және байланыс саласындағы ТжКБ оқытушылары арасында Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Солтүстік Қазақстан облысы атынан Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Сафронов В.В. және Сатывалдыев Ә.Е. қатысты. Байқау нәтижесінде Владимир Витальевич сарапшылық сертификатын алса, Әділ Ертарғынұлы Medallion for Excellence иегері атанды. Құттықтаймыз!