2023 жылдың 9 қарашасында Абылайхан резиденциясы жанында Ұлттық валюта күніне орай «Теңге тәуелсіздік келбеті» атты көрменің ашылу рәсімі өтті. Іс-шара мақсаты: патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстан азаматтарында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Көрмеге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университет студенттері, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледждің 2 курс студенттері, ардагерлер, НЗМ оқушылары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Солтүстік Қазақстан филиалы директоры мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.