«Өрлеу» БАҰО жыл сайын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауын өткізеді. 2023 жылғы 28 сәуір мен 25 қазан аралығында байқаудың облыстық кезеңі өтті, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінен арнайы пән оқытушысы А.Қ.Мусина «Жол белгілерінің құрылысы және олардың сипаттамасы» тақырыбына бейне сабақпен қатысты. 2023 жылдың 9 қарашасында байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылып, Айгүл Қанатқызы «Азаматтық-құқықтық сауаттылық» номинациясы бойынша үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!