2023 жылғы 6-8 қараша аралығында Қазақстан Республикасының елордасында Астана қаласының 25 жылдығына арналған колледж студенттері арасында футзалдан халықаралық «T-LEAGUE» турнирі өтті. Турнир жастар арасында футболды кеңінен насихаттау, оқу орындарының рейтингісін көтеру және мықты командаларды анықтау мақсатында өткізілді. Турнирге «Студенттер лигасының» жеңімпаздары Шымкент, Астана, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола облыстарынан және Қырғызстаннан студенттер шақырылды. Байқаудың бірінші кезеңін сәтті аяқтаған Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің студенттері ақтық сынға шықты. Чемпиондық атақ үшін өткен  тартыста балалар күміс жүлдеге қол жеткізді. Колледж командасын және олардың тәлімгері Денис Александрович Ветошкинді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!