2023 жылдың 6 қараша Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері, «Жігер» пікірсайыс клубының мүшелері «Ұлттық Валюта мерекесі» қарсаңында білім алушылар арасында «Материалдық құндылық өмірде маңызды рөл ме?» атты пікірсайыс ойынын өткізді. Пікірсайыс барысында студенттер ұтымды ойлау, күрделі мәселелерді шешу және өз пікірлерін қорғау қабілеттерін көрсетті, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін және әртүрлі жағдайлардан шығудың мүмкін жолдарын көтерді. Қатысушылар мемлекеттік тілде пікірсайыс жүргізіп, тақырыпқа жоғары дайындықтарын көрсетті.