2023 жылдың 7 қарашасында Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің кітапханасында «Орыс тілінің ұлы шебері» И.С.Тургеневтың туғанына 205 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – студенттерді 19 ғасырда тірі кезінде әлемге әйгілі болған ең көрнекті орыс жазушыларының бірі И.С. Тургеневпен таныстыру. Кітап көрмесінде жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, сондай-ақ очерктер, романдар, өлеңдер, таңдамалы шығармаларының жинақтары бар. И. С. Тургеневтің шығармашылық ұлылығын жоққа шығаруға болмайды. Біз оның туындыларынан өмір сүрудің көптеген сұрақтарына жауап іздейміз және оны табамыз. Бұл ұлы классиктің шығармаларын қайта оқу үшін көрмеге келушілерге тағы бір себеп болады.