2023 жылдың 2 қарашасында Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Антикорус және волонтер» тақырыбындағы TED-X конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты: студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді волонтерлік қызметке тарту. Конференцияда мемлекеттік білім беру ұйымдарының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері жарияланып, жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы қызметі қаралды.