Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында 15 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері Күнін мерекелеуге арналған «Тілдеріміз әртүрлі – Отанымыз бір» тақырыбында блицтурнир өтті. Іс-шараның мақсаты: кітапхана мен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің шығармашылық ынтымақтастығын ныгайту, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу болды. Турнирге «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері белсенді қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылары топты «Желкен» және «Ұшу» командаларына бөліп, әр команданың капитандарын таңдады. Ойының қызықты болуына мазмұнды раундтар әсер етті. Бірінші раунд «Бақытты оқиға», онда капитандар бақ сынасты, екіншісі – «Тарихи», үшіншісі – » Мақал-мәтелдер», төртіншісі – «Қазақ ою-өрнегінің тілі», бесіншісі – «Қалам сынамасы» деп аталды. Логиканы дамытуға арналған сұрақтар студентердің кызығушылыққтарын тудырды. Ойынның барлық қатысушыларының жақсы көңіл-күйі, достық атмосфера болғанынан іс-шара эмоционалды және жанды өтті. Студенттер «үздік команда» атану үшін адал бәсекелестікте бар ынталарымен күресіп, білімдерін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша командалар бірдей ұпай жинады, сондықтан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.