2023 жылғы 7-12 қыркүйек аралығында Өзбекстанда гір спорты бойынша әлем чемпионаты өтті, оған әлемнің 21 елінен 600-ден астам қатысушы жиналды. Қазақстан Республикасы командасының құрамында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері сәтті өнер көрсетті. Бірінші курс студенті Хрупин Кирилл 16 жасқа дейінгі әлем чемпионы атағын жеңіп алды. ҚР спорт шебері Мейрам Бекежан чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Колледж өз студенттерінің тамаша жетістіктерімен мақтанады және олардың спорттық нәтижелерге одан әрі жете берулерін тілейді!