2023 жылғы 29 тамыздан 6 қыркүйекке дейін Щучинск қаласының Олимпиадалық даярлау орталығының базасында жазғы биатлоннан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Азия құрлығының 8 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. 6 шақырым қашықтықта 2005 жылы туған және одан кіші қыздар арасындағы чемпионаттың қола жүлдесін Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің 2 курс студенті Виктория Горан жеңіп алды. Викторияға алдағы қысқы маусымға жемісті дайындық және жаңа жеңісті бастамалар тілейміз!